Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

1912

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 13-тен 12-орынға көтерілді. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Қазақстан әйелдер теннисі тарихында бұдан бұрын ешкім де мұндай нәтижеге қол жеткізбеген еді. Қазақстандықтардан сондай-ақ Юлия Путинцева 43-тен 42-ге, Зарина Дияс 108-ден 104-орынға жоғарылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить