Pfizer Нұр-Сұлтанға жетті: қай жерде салдыруға болады

Sputnik - Елордада Pfizer препараты қандай пунктерде қойылатыны белгілі болды.

Астаналық қоғамдық денсаулық басқармасының ақпаратына сәйкес, Pfizer-ді салу 15 қарашадан басталады.

"Қаланың медициналық ұйымдарында егу пунктері ұйымдастырылады. Жасөспірімдер вакцинаны мектепте салдыра алады. Алайда жүкті, емізулі баласы бар әйелдерді, балаларды вакциналауға барлық медициналық ұйым қатыспайды", - деді астаналық басқармада.

Қоғамдық денсаулық басқармасы Pfizer вакцинасын салатын медициналық ұйымдардың тізімін ұсынды:

№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханалар;
"Достық" отбасы денсаулығы орталығы;
"Жанұя" ЖШС;
"Салауатты Астана";
"Кировская";
"Шипагер" (барлық филиалы).
Тиісті дозалар ұйымдарға үйлестірілді. 12-17 жас аралығындағы балалар (ата-ана рұқсатымен), аяғы ауыр әйелдер мен емізулі баласы бар келіншектер вакцина салдыра алады.

Елордаға Pfizer-дің алғашқы партиясы 35 мың доза көлемінде жетті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте