Елордада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

7-12 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен 2021 жылғы Қазақстан біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz сайтып.

Турнир «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек» сарайында өтеді.

Мәлім етілгендей, 18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады.

Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды. Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдері чемпионат шымылдығын жабады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте