Нұр-Сұлтан қаласындағы ауа райы қолайсыздығы салдарынан жол апаттарының саны артқан, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Ауа райының қолайсыздығынан елордада жол-көлік оқиғаларының саны артты. Өткен тәулікте 91 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы орайда Полиция департаменті жолаушыларды барынша мұқият және сақ болуға шақырады. Сондай-ақ, жылдамдық пен қашықшық режімін сақтап, маневр жасау ережелерін бұзбауды ескертеді. Жүргізушілер үшін ең қауіптісә - дымқыл асфальт. Жол тайғақ, оның үстіне түнгі аяз басталды. Сондықтан кенеттен маневр жасап, кілт тоқтаудан аулақ болу керек», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, аталған ведомство жауын-шашынның да жол қозғалысы барысына тигізетін салдарын еске салды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше түнде елордада көпір үстінде екі көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды.
Вам может быть интересно: «Зимние Олимпийские игры в Пекине пройдут без иностранных болельщиков»