Жұма күні Нұр-Сұлтан мен Қостанайда ауа ластануы ықтимал

 Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

24 қыркүйек күні еліміздің көптеген қалаларында қолайсыз метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте