Қанат Ысқақов Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

2125

ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі Қанат Ысқақов Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Қанат Ысқақов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Ол еңбек жолын 2004 жылы Алматы қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған» делінген жазбада.

Сондай-ақ Берік Уәли Қанат Ысқақовтың әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінде бас маман, ҚР Парламент Мәжілісінің комитет төрағасының көмекшісі, ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығында консультант, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында консультант қызметтерін атқарып, мемлекеттік қызметтің сан саласынан өтіп, шыңдалған маман екенін атап өтті.
«2012 жылдан бастап ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде еңбек етеді. Қанатты әріптестері ұйымдастырушылық қабілеті зор, өз жұмысын жетік білетін, жан-жақты маман ретінде таниды, құрметтейді. Оның бұл қасиеттері еліміздің ақпараттық кеңістігін дамыту ісінде өз пайдасын тигізеді деген сенімдемін. Қанатқа жаңа қызметінде табыс тілеймін!» деп жазды Берік Уәли.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить