«Нұр-Сұлтан - Екатеринбург» тасжолында жүк көлігі өртеніп кетті

Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан - Екатеринбург» тасжолында «Газель» көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жайында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Маусымның 4-де сағат 20:24 шамасында «Нұр-Сұлтан - Екатеринбург» тасжолында, яғни Целиноград ауданының Төңкеріс ауылы маңында «Газель» көлігі өртенген. Өрт аумағы 6 шаршы метрді құрады.

«Өрт сағат 20:45 шамасында ауыздықталып, 20:50 сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомствоның хабарламасында.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте