Қазақстан Тәжікстан беретін суды Өзбекстан аумағымен өткізу мәселесін талқылады

Қазақстан Тәжікстаннан келетін суды Өзбекстан аумағы арқылы кедергісіз өткізу мәселесін талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

29 маусымда Душанбе қаласында Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) Басқармасының отырысы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Шухрат Ғаниевпен және Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар Шардара су қоймасындағы су шаруашылығы жағдайын жақсарту мақсатында Өзбекстан аумағы арқылы кедергісіз су транзитінің мәселесін талқылады. Аталған су көлемін Қазақстан Республикасының өтініші бойынша тәжік тарапы «Бахри Точик» су қоймасынан қосымша жіберетін болады.

Сондай-ақ министр М.Мырзағалиев Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы жобаны келісуді аяқтау маңызды екенін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде тараптар Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімді талқылау жөнінде кеңес өткізуге келісті.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте