Михаил Ломтадзе: Біз басқа нарықтарға қызығушылық танытамыз

Kaspi.kz басшысы және ортақ қалаушысы PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory LLP серіктесі Наталья Лимге сұхбат берді

Михаил Ломтадзе
ФОТО:
Михаил Ломтадзе

PwC Қазақстан командасы Forbes.kz-пен бірге «Қызықты адамдармен сұхбат» сериясын бастайды.
Біз Михаил Ломтадзені жәй ғана СЕО және Kaspi.kz ортақ қалаушысы ретінде ғана сөйлесу үшін емес, сондай-ақ Қазақстанның бизнес-тарихында керемет серпін жасаған, ойын барысын өзгерткен, басқаларды жаңаша ойлауға ынталандырған «Game Changer» деп атайтын адам туралы білу үшін сөйлесуге шақырдық.

Михаилмен Kaspi.kz кеңсесінде сағат 17:30-да кездесуге келістік. Михаил кабинетке бір минут ерте емес, бір минут кеш емес уақытында кірді. Ол әдеттегідей жейде, джинсы және кроссовка киген. Күлімдеп тұрды. Инвесторлардан $ 6,5 млрд бағасын алып, бұл қарапайым адам тура бір ай бұрын Kaspi.kz-ті Лондон қор биржасына шығарғандығын елестету қиын. Бүгінде Kaspi.kz Қазақстандағы ең қымбат жария компания.

Михаил Сіздің IPO аясында дайындалған проспектіңізде, команда және тікелей сіз табыс кепілі болып табылатыныңыз тәуекелдердің бірі ретінде атап өтілген. Сізге қаншалықты ұзақ уақыт бойы «Kaspi.kz»-тің CEO-сы болуды жоспалап отырсыз? деген сұрақ қойылған.

- Кез келген бірегей компанияда негізін қалаушы және басқарушы команда табыстың басты факторы екенін инвесторлар түсінеді. Іс жүзінде барлық қатынасу менің және инвесторлардың арамызда жүрді, ол жерде біздің стратегиямызбен, көрімімізбен бөлісу және біздің бизнес модельдің бірегейлігін жеткізу мүмкіндігіне ие болдым.

Әрине, инвесторлар одан кейінгі жоспарлар туралы сұрайды, бірақ менің жеке жоспарларым мен біздің командамыздың жоспарлары IPO-ға тәуелді емес. Бұл компанияның даму тарихындағы маңызды қадамдардың тек біреуі. Шындығында IPO өте жоғары деңгейде өткенін табыс деп атауға болады, нарық жақсы мән берді, инвесторлар риза.

IPO-бұл жария компания ретіндегі біздің бизнес және өмір сүруді дамытудың тек басы ғана. Әрине, бізде қазір кеңейту үшін көп мүмкіндіктер бар, бірақ сонымен бірге көптеген маңызды фактор келеді, олардың маңыздыларының бірі– елге, клиенттерге, қызметкерлерге, серіктестерге және инвесторларға деген жоғары жауапкершілік.

Тағы да атап өткім келетіні ол табыстың негізгі кепілі –команда. Біздің команда құрамында халықаралық, қазақстандық және аймақтық тәжірибе бар. Біздің компаниядағы корпоративтік басқару принциптері үздік халықаралық практика деңгейінде құрылған. Біздің басты мотивация – клиенттерге, елімізге және серіктестерге арналған табысты бизнес құру. Біз өз жұмысымызда «Қазақстан үшін не жақсы болса, Kaspi.kz үшін де сол жақсы» деген ұстанымды басшылыққа аламыз.

Kaspi Bank-ті Kaspi.kz-ке ауыстыру жолындағы ең күрделі не болды?

- Біздің миссиямыз –біздің сүйікті клиенттердің өмірін жақсарту, инновациялық сервистерді және өнімдерді құру. Біздің барлық командамыз үшін ең маңыздысы біздің клиенттерге сапа үздік керемет инновациялық сервистерді құруға бағытталған корпоративті мәдениетті құру болды. Егер сіз инновациялық компания болсаңыз, онда сіз үнемі жаңа сервистерді іске қосасыз. Бірақ егер клиенттер сіздің ағымдағы сервистерге риза болмаса, келесіні іске қосуға негіз жоқ. Корпоративті мәдениетті клиенттер қажеттіліктерінің айналасында құру - осы біздің дамуымыздағы өзгерісті кезең болды.

Біз борышымызды мінсіз клиенттік тәжірибе, дизайн құру, ең заманауи технологияларды пайдалану және үлкен деректер қолдану арқылы іске асыруды шештік. Назар аударсаңыз, еш жерде индустрия, экономика секторлары немесе тауарлар тізімделмеген. Өйткені біздің инновацияларда шекара жоқ. Біздің өміріміздің мүлдем әр түрлі салаларында күнделікті сұранысқа ие сервистерді біз жасай аламыз жасайтын боламыз. Бұнда бізді Apple-мен салыстыруға болады. Егер Apple қазір теледидар немесе көлік шығарса, бұған ешкім таңқалмайды.

Біз әрқашан қызметтер сапасы мінсіз компания құрып, үнемі инновациялар әзірлеп және өз шекараларын кеңейткіміз келді. Бұл біздің негізгі бәсекелестік артықшылығымыз.
Бізде өте жоғары қанағаттану және клиенттердің адалдығы индексі бар – 90 таман, ал электрондық коммерция дүкендер бүкіл әлем бойынша орта есеппен 40- қа жуық. Осындай жоғары адалдық индексі мінсіз сапа және үздіксіз жақсарту есебінен қол жеткізіледі. Біз ешқашан жеңілмейміз және перфекционизм сияқты осындай қарапайым нәрсеге сенеміз.

Сіз Кaspi.kz-тің ірі акционерлерінің бірісіз және сондай-ақ оның CEO-сы болып табыласыз. Сіздің пікіріңіз бойынша, бұл табыстың шешуші факторы болды ма?

- Біздің команда – бұл біздің табысымыздың негізгі кепілі. Табысты IPO және қаржылық жетістік – бұл қызметкерлердің жұмыс қорытындысы, олар клиенттерге, серіктестерге және елге компания құндылығы күн сайын құрады. Менің тарапымнан біздің стратегиямызды дұрыс бағыттау және басқа елдер мен компаниялармен ұқсастығын жүргізе отырып, бизнес модель бірегейлігі туралы айту қажет болды. Бұл IPO процесінде де маңызды болған нәрсе.

Қазақстанға келгенге дейін мен компанияларды бағалаған кезде әдемі әзірленген таныстырылымдарды емес, басқару командасының жеке қасиеттерін және компанияның болашақта табысқа жету мүмкіндіктерін көру қажет болды (2002 - 2004: Baring Vostok Capital Partners инвестициялық жобалар жөніндегі менеджер, 2004 - 2016: Baring Vostok Capital Partners-дегі серіктес - PwC ескер.).

Әрдайым, мен инвестицияларды қарастырған кезде бір негізгі қорытынды жасау керек болды: «Сен бұл командаға инвестиция салуға дайынсың ба немесе жоқ па?». Бұдан әрі басқару командасының құндылық құру ептілігін деректермен растау қажет. Егер бұл үлкен корпоративті ұйым болса, ең дұрысы деректерді сол компанияның тарихынан және есептілігінен алуға болады. Егер – стартап болса, онда бизнес-модельді, бұл стартаппен жұмыс істейтін адамдардың ер жеткендігін және олардың алдыңғы тәжірибесін бағалау қажет.

Командада келіспеушіліктер туындай ма және оларды қалай шешесіз?

- Біз жиі дауласамыз, бірақ біздің даулар әрқашан іс бойынша және өнімдер айналасында, ешқандай да саясат емес. Біз отырып алып, ұзын-сонар есептерді тыңдау деген бізде жоқ. Біз ірі, инновациялық сервисті іске қосу үшін жұмыс істейміз, ол біздің клиенттердің өмірін жақсартады. Әрбір өнімді біз өзімізге, өз достарымыз немесе отбасы мүшелеріне жасаймыз.

Біз қателіктер жасауымыз мүмкін. Бірақ қателерді тез түзета аламыз және одан бетер жақсы бола аламыз. Қызметкерді қатесі үшін жұмыстан босатқандағым есімде жоқ. Қателік жасамайтын адам –ешнәрсеге үйренбейді. Әрине, егер адам тұрақты түрде өз міндеттеріне орындай алмайса және үнемі сапасыз жұмыс жасаса, бұл мүлдем басқа. Бізде мұндай мәдениет қалыптасқан, бұл айтарлықтай дәрежеде біздің командадағы адамдар сапасына әсер етті. Барлық біздің қызметкерлерде үлкен мотивация мен керемет өнімді құруға ынта бар.

Ақыры мотивация туралы айтатын болсақ, айтыңызшы қызметкерлеріңіздің алдына не қоясыз – KPI ма әлде мақсаттар ма?

- Біз бірінші кезекте өнім шығаратын компания, яғни өнімдер мен сапасы жоғары сервистерді құруға бағытталғанбыз. Сервис құрудан бастап дейін клиент тәжірибесін пайдалануға дейін. Іс жүзінде ешкімде қаржылық мақсаттары немесе KPI жоқ. Бізде: «өнім жаса және міне, осындай сатуды алып кел» деген немесе «бізде осы жылы бұл үшін бюджет жоқ» деген сұрақ жоқ. Егер өнім клиенттерімізге және серіктестерге құндылық әкелсе, біз оны жасайтын боламыз.

Сонымен қатар, біз ақылы жетерлік адамбыз және әркім кез келген өнім елеулі болуы тиіс екендігін түсінеді, оларды көп адамдар пайдалануы тиіс (10 мың адам емес). Біздің стратегия жаппай өнімдер айналасында және клиенттердің күнделікті қажеттіліктеріне арналған сервистерге құрылған. Біз сондай-ақ, үлкен құндылық мен пайда әкелмейтін идеяларға «жоқ» деп айта аламыз.

Сіздің бүкіл Kaspi.kz табысына жету жолыңызда идеяларыңызға, жоспарларыңызға кім қолдау білдірді және сенді, ешқашан сізден күмәнданған жоқ?

-Слава!

Вячеслав Ким. Егер Вячеслав, оның сенімі, достығы, қолдауы және бірлескен жұмысы болмаса, бұның барлығы болмас еді. 14 жыл бұрын басынан бастап, біз бір-бірімізге сендік, серіктестер болуды және мақтан тұтатын ірі компания құруды шештік. Біз тіпті арамыздағы серіктестігімізді ең соңғы сәтке дейін қағаз жүзінде рәсімдемедік. Серіктестер арасында тек толық сенім және «химия» болған кезде ғана бұл мүмкін.

Әрине, менің өмірімнің барлық кезеңдерінде, бүгінгіме әсер еткен маңызды адамдар болды. Грузияда – бұл ата-аналарым мен бизнестегі әріптестерім. Гарвард бизнес мектебінде менің сыныптастарым мен профессорлар. Baring Vostok-та серіктестер мен әріптестер. Сіз атап өткендей, Қазақстанда мен 14 жыл тұрып келемін – және бұл кезең менің кәсіби өмірімді қамтиды. Барлық осы уақытта мені әрқашан қолдап келді және қасымда Вячеслав Ким болды.

Сіздің пікіріңіз бойынша, сіздің бизнесіңіздің жылдам өсуіне кедергі келтіретін қандай да бір кедергі бар ма?

- Егер біздің миссиямызға қайта оралсақ, бізде іс жүзінде идеялар бөлігіне шектеу жоқ және көптеген мүмкіндік бар. Біз жолдың басында тұрмыз. Цифрлы сервистердің енуі әзірге айтарлықтай төмен, бірақ әлеуеті зор. Бәрінде смартфон бар, бірақ күнделікті өмірде барлық әрекеті сіз өз телефоныңыздан жасай аласыз. Біз үшін бұл үлкен мүмкіндік, біз үнемі жаңа сервистерді қосуды жалғастырамыз.

Мысалы, биылғы жылы біз Kaspi Travel, Santufei платформасында авиабилеттерді онлайн сатып алуды іске қосамыз, оны жақында ғана сатып алдық. Бізге дарынды топ қосылды, ол билеттер сату жөніндегі ірі онлайн платформа құруға және саяхат айналасында басқа да сервистер жасауға дайын.

Цифрлы сервистер өмір сүру қалыбын жақсартады, себебі бұл ыңғайлы және көп уақытты үнемдейді. Адам өзінің күнделікті міндеттерін өзінің смартфонының экранынан жылдам әрі жеңіл шешеді. Онлайн сервистердің болуы қоршаған әлемді қолайлырақ етеді. Айналамыздағы адамдар адамдар бақытты және разы – бұл жақсы ғой. Сондықтан бұндай тәсіл біздің стратегиямыз бен борышымыздың негізіне кіреді.

Біз үшін COVID-19 карантині жақсы тәжірибе болды. Бірінші кезектегі міндет халыққа, серіктестерге және мемлекетке көмек көрсету болды. Біз қысқа мерзімде технологиялық функционал әзірлей алдық және 4,5 млн астам адамға атаулы әлеуметтік көмек жеткізе алдық. Әрбір 3 есептеудің 2-і біздің көмегімізбен жүргізілді. Біз сондай-ақ электронды коммерция платформасын күшейттік және біздің серіктестерімізге жеткізу арқылы онлайн сатуға мүмкіндік беру үшін жеткізуді мүлдем тегін жасадық.

Сіздер IPO-ға шығуды шешкен кезде, сіздер үшін тек Kaspi.kz табысы ғана маңызды болды ма?

- Біз IPO-ға шықтық, көптеген инвестор мен инвестициялық қорларды тек біздің компанияның ғана емес, сондай-ақ ел мен бүкіл аймақтың келешегіне көз жеткіздік. Енді олар Қазақстанда және басқа да қазақстандық жария компанияларда бар басқа инвестициялық мүмкіндіктерге қарайтын болады. Оған қоса біз жаңа қазақстандық бизнестерге жол аштық, тіпті Қазақстанға инвестиция салуға дайын инвесторлардың «фан клубы» бар.

Қайда кеңеюді жоспарлап отырсыз?

- Біз Қазақстаннан тыс мүмкіндіктерді сөзсіз қарастыруға дайынбыз. Бұрын біз аймақтық дамуды және басқа нарықтарға аз белсенді қызығушылық таныттық, енді бұл біздің ұзақ мерзімді стратегиямыздың маңызды басымдығы. Барлығы сенің мобильді телефоныңда және қосымшаңда болса ұлғаюға әлдеқайда жеңіл.

Қазір сіздерде бары– бұл бастамасы деп айтуға бола ма?

- Иә, біздің қосымша Қазақстанда айтарлықтай танымал екендігіне қарамастан (8,5 млн адам ай сайын Kaspi.kz қосымшасын пайдаланады PwC ескер.). Алайда, біз күнделікті қамқорлық (анықтаманы қайдан алу керек, қалай тіркелуге болады, не сатып алу керек, қайдан сатып алу керек, қалай сатып алуға болады, қалай жеткізу керек және т. б.) толығымен жасалмағанын анық түсінеміз және үлкен жұмыс алда. Жақында біз кәсіпкерлер үшін смартфон арқылы картасыз төлем қабылдауға болатын жеке мобильді қосымшаны іске қостық.

Сізде қорқыныш бола ма?

- Егер жұмыс туралы сұрақ болса, жұмыста мақсатты басшылыққа алу қажет және командамен және серіктестермен бірге басқару міндеттерін шешу қажет екенін өзім үшін мен бұрыннан анықтадым. Біз бірге анық жете алатын кез-келген сын – қатер- бұл кезекті мақсат пен кезекті міндет.
Бұл сенің кішкентай балаң хайуанаттар бағында серуендеу кезінде жоғалып кетсе және қайдан іздейтініңді білмесең сол қорқыныш. Міне осы қорқынышты.

Егер өзіңіздің 25 жас кезіңізге бір нәрсе айту немесе кеңес беру мүмкіндігі болса, не айтар едіңіз?

- Өте қызықты сұрақ [үзіліс]: «Дұрыс адамдарды таңда». 25 жасымда мен де ойлаған емеспін, мен түйсік бойынша жай ғана әрекет еттім. Қазір мүлдем анық айта аламын - айналамыздағы адамдар табыстың ең маңызды кепілі. Егер өзіме кеңес берсем, сене алатын және мүмкін еместі бағындыра алатын адамдармен, жүрегі орнында болатын адамдармен дос болуға тырыс деп айтар едім.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6764 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
2 августа родились
Аскар Жумагалиев
чрезвычайный и полномочный посол Республики Казахстан в Королевстве Нидерландов
Махмуд Касымбеков
руководитель канцелярии первого президента РК
Бронислав Шин
председатель совета директоров АО "Алматыинжстрой"
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить