ҚДКБҚ депозиттер бойынша 2021 жылдың тамызына тиесілі максималды мөлшерлемелерді жариялады
Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер өзгерген жоқ. Өйткені Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі маусым айында 9 пайыз деңгейінде сақталды. Еске саламыз, мұндай депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелердің көлемі базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.
12 және 24 айға арналған мерзімді салымдар және 24 айға арналған жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болды.
12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелер төмендегендіктен, осы депозиттерге тиесілі шекті мөлшерлеме 13,9 пайызға дейін азайды. Алайда аталмыш депозиттер бойынша мөлшерлемелер депозиттердің басқа түрлері арасында әлі де ең жоғары деңгейде болып қала бермек.