Қала ішіндегі қала

Abu Dhabi Plaza Қазақстандағы көпфункциялы кешендердің жаңа стандарттарын қалай қалыптастыруда

Abu Dhabi Plaza
Abu Dhabi Plaza
Фото: архив пресс-службы

Aldar EuroAsia Property Management компаниясының Бас атқарушы директоры Зиад Абушакарамен сұхбаттасып, Abu Dhabi Plaza жобасының ерекшеліктері, стратегиялық маңызы мен еліміздің коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

Абушакара мырза, Abu Dhabi Plaza жобасы Астана қаласы үшін айрықша мәнге ие дейді. Оны өңір үшін үлгі ретінде қарастыруға не себеп?

— Abu Dhabi Plaza — «қала ішіндегі қала» қағидаты бойынша салынған әлемдік деңгейдегі Қазақстандағы ең үлкен көпфункциялы кешен. Жалпы аумағы 500 000 м²-де А санатындағы заманауи екі кеңсе мұнарасы, бизнес-пәтерлер, сауда орталығы және бес жұлдызды Sheraton қонақ үйі орналасқан. Ал 75 қабатты, биіктігі 311 метр болатын Орталық Азиядағы ең биік мұнара Abu Dhabi Plaza кешенін Астананың басты сәулеттік нышандарының біріне айналдырады.

Осы синергия адамдарға бір кеңістікте жұмыс істеп, өмір сүруге, демалуға және сауда жасауға мүмкіндік беретін бірегей экожүйе қалыптастырады. Қарқынды дамып келе жатқан мегаполис ырғағында бұл тек сән ғана емес — бұл нақты бәсекелестік артықшылық.

Зиад Абушакар
Зиад Абушакара
Фото: архив пресс-службы

Кешеннің кеңсе секторын премиум деп атайды. Ал сіз оны қалай анықтайсыз?

— А санаты — тек бедел ғана емес, сонымен қатар ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай кеңселер: заманауи инженерлік жүйелер, энергия тиімділігі, қауіпсіздік, сапалы ішкі әрлеу және дамыған инфрақұрылым. Abu Dhabi Plaza-да 12 000-нан астам жұмыс орнына есептелген, жалпы ауданы 84 000 м² кеңістіктер ұсынылған.

Біз икемді шешімдер ұсынамыз: дайын әрлеудегі 250 м² көлемінен басталатын кеңселер, shell&core форматы — жалға алушы кеңсені өз қажеттіліктеріне сай әрлеуге мүмкіндік беретін бастапқы дайындықтағы кеңселер, сондай-ақ үлкен көлемегі кеңістіктер — тіпті тұтас қабаттарға дейін. Мұндай тәсіл компанияларға корпоративтік мәдениетін көрсететін жұмыс ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кешен астанамыздың дәл орталығында орналасуы оның нарықтағы орны үшін қаншалықты маңызды?

— Abu Dhabi Plaza-ның Астананың жүрегінде, іскерлік және мәдени орталықтарға жақын орналасуы — оның бірегей артықшылығы. Кешеннің заманауи сәулеті жасыл саябақтың аймағымен жарасып, урбанистика мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті қалыптастырады. Сонымен қатар мұндағы атмосфера заманауи, қарқынды даму үстіндегі, шабыттандыратын және шын мәнінде қолайлы Нью-Йорктың Мидтаун ауданына ұқсайды. Дәл осы үйлесім Abu Dhabi Plaza-ның болмысын айқындайды.

Зиад Абушакара
Зиад Абушакара
Фото: архив пресс-службы

Тұрақты даму — қазіргі заманның маңызды тренді. Abu Dhabi Plaza осы талаптарға қалай жауап береді?

— Кешен оның энергия үнемдеу, қауіпсіздік және экологиялық жауапкершіліктің жоғары деңгейін растайтын LEED жүйесімен сертификатталған. Жобада энергия үнемдейтін терезелер, экологиялық таза құрылыс материалдары, бөлмелерді таза ауа мен жайлы микроклиматпен қамтамасыз ететін көпсатылы ауа сүзу жүйесі және төрт түтікшелі фанкойл жүйесі секілді заманауи технологиялар қолданылған. Бұның барлығы заманауи кеңсе ғимараттарының ең жоғары халықаралық стандарттарға сай.

Негізгі бағыттардың бірі — суды тиімді пайдалану. Суды үнемдейтін құрылғылар мен ақылды тұтыну стратегиялары арқасында ғимарат су шығынын едәуір азайтты.

Қалдықтарды жинау мәселесі де маңызды: кешенде қағаз, шыны, пластик, ағаш және темірді сұрыптап жинауға арналған аймақтар қарастырылған.

Abu Dhabi Plaza автобус бағыттарына және LRT желісіне тікелей шығуға мүмкіндік беретін қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандыратын орналасуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, кешенде қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға мүмкіндік беретін экологиялық автокөліктерге арнайы тұрақтар қарастырылған.

Abu Dhabi Plaza
Abu Dhabi Plaza
Фото: архив пресс-службы

Abu Dhabi Plaza АХҚО аймағына кіреді. Бұл жалға алушылар үшін нені білдіреді?

— Abu Dhabi Plaza резиденттері қаржы және соған байланысты кейбір қызметтерге салық жеңілдіктеріне, халықаралық ортаға қолжетімділік пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқа да артықшылықтарымен қамтамасыз ететін қатысушылары ретінде тіркелуге мүмкіндік алады. Осылайша, жалға алушылар қала орталығындағы орналасуды ғана емес, сонымен қатар өсу мен жаһандық позициялау үшін құралдарды да иеленеді.

Сауда орталығы, пәтерлер мен қонақ үй «қала ішінде қала» концепциясын қалай толықтырады?

— Abu Dhabi Plaza — өмір сүріп, демалуға және жұмыс істеуге арналған үйлесімді кеңістікті қалыптастыратын, әр бөлігі бір-бірін күшейтетін толыққанды экожүйе.

Кешеннің сауда орталығы — негізгі тартымдылық нүктесі. Ауданы 24 000 м² құрайтын екі қабатта 50-ден астам әлемдік және жергілікті брендтер, 20-дан астам food & beverage форматындағы кафе, мейрамханалар және кофеханалар орналасқан. Арендаторлар қатарында Lacoste, Mango, Starbucks, Mohito, Reserved, SuperStep, GANT, Dyson, Twinset, Pinko, Patrizia Pepe, Tombolini, Adili, Global Nomads, Котофей, Детский мир, Galmart, LC Waikiki және тағы басқалары.

Бүгінде сауда орталығы елорданың мәдени орталығына айналды — мұнда арт-көрмелер, фестивальдер, концерттер мен шығармашылық перформанстар өтеді.

Abu Dhabi Plaza — тек тартылыс орны ғана емес, сонымен қатар нағыз тәжірибе. Starbucks-тың таңғы эспрессосынан бастап, атриумдағы кешкі концертке дейін әрбір кеңістік аймақта сирек кездесетін космополиттік ритмін көрсетеді.

Фото: архив пресс-службы

Жақын болашақта барлық маусымға бейімделген мұз айдыны, роллер-арена және креативті кеңістіктер Abu Dhabi Plaza-ны одан әрі өзгертіп, оны динамикалық қалалық lifestyle-дестинацияға айналдырады.

Ұзақ мерзімді тұруға арналған кешеннің бизнес-апартаменттері кәсіпкерлер, топ-менеджерлер мен Астанада жұмыс істейтін мамандар арасында сұранысқа ие. Олар жоғары қауіпсіздік деңгейі, 24/7 қызмет көрсету және «қала ішінде қала» ыңғайлы концепциясымен қамтамасыз етілген.

Бес жұлдызды Sheraton қонақ үйі кешен инфрақұрылымын үйлесімді толықтырады. Әсіресе ол іскерлік сапардағы қонақтарға ыңғайлы, себебі конференция және іс-шара алаңдарын, мейрамханалар мен Marriott-тың тәулік бойы қолжетімді қызметін ұсынады. Қонақтар, серіктестер мен командалар логистикалық шығынсыз бір алаңда кездесулер өткізіп, сол жерде тұра алады.

Кеңселік жалға алушылар, тұрғындар және қонақ үй қонақтары арасындағы синергия бизнес, сауда және қонақ үй секторы бір-бірін күшейтіп, дамытатын күнделікті премиум орта мен сауда орталығының тұрақты ағынын қалыптастырады.

Abu Dhabi Plaza жұмыс орындарын қалыптастырып, негізгі салалардың дамуын — ритейл мен қонақжайлық индустриясын, сондай-ақ жергілікті қызметтерді қолдайды. Біздің мақсатымыз — үлкен компанияларды серіктестікке тарту, жергілікті бизнесті нығайту және елорданың заманауи іскерлік ландшафтын әлемдік стандарттарға сай қалыптастыру.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте