«Нұр-Сұлтан» қаласының дизайн кодын жасау қалай жүзеге асады

2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру бағдарламасы қандай аймақтарды қамтиды

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев айтады.

Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және  жер қатынастары басқарма басшысы Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша- «Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру бағдарламасы» қабылданған. Ол жайлы қалалық ортаны құруды көздейді. Осы бағдарлама аясында  жаяу жүргіншілерге арналған аймақтарды құру, жаяу жүруге арналған жаңа кеңістіктер мен бірқатар тартымды орталықтарды құру басталмақ.

Нұрлан Ұранхаев
Нұрлан Ұранхаев

- «Абаттандыру бағдарламасын» іске асырудың бірінші кезеңі 5 – көпфункционалды орталықты дамытуды көздейді: ескі алаң ауданында (1.6 га), Бейбiтшiлiк көшесінің (2.0 км., 136 мың адамға арналған аумақты қамтиды) және Бөгенбай Батыр даңғылының ауданында (2.1 км, 136 мың адамға арналған аумақты қамтиды. Сонымен қатар, «Евразия» ауданы көшелерінің шаршысында (15 км, 180 мың адамға арналған аумақты қамтиды, ауданы – 280 га), Қосшығұлұлы көшесі (1.65 км., 80 мың адамға арналған аумақты қамтиды) Әзірбаев, Қошқарбаев және Жүргенов көшелерінің ауданы (4.1 км). Жалпы көлемі 24.75 км аймақты қамтымақ, - деді Нұрлан Телманұлы.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласын одан әрі дамыту мәселелері бойынша өткен кездесу барысында елорданың дизайн-кодын әзірлеуді және жайлы қалалық орта құруды тапсырды. Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін бос жер учаскелері мен коммуналдық қызметтер туралы ақпаратты цифрландыруды аяқтау, жер алу және байланысқа қосылу қызметтерін электронды форматқа көшіру керектігін атап өткен еді.

Дизайн-код – бұл құрылыс салу нормаларының стандарттары және белгілі бір стиль ережелері жазылған құжат. Алайда, біріңғай код тек ғимараттарды немесе үйлердің ғана емес, сондай-ақ жабындар, жол желілері, жарықтандыру, тас төсеу, шағын сәулеттік пішіндер, қоқыс салатын жәшіктерге де қатысты болады. Олар үнемі жаңарып отырады. Үйлерді көркемдеу үшін байыпты түстер таңдалады. Осылайша дизайн-код жобасы Нұр-Сұлтан қаласында да енгізіледі. Қазір жобаны жүзеге асырудың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Аталған құжатты 2019 жылдың соңына қарай бекіту жоспарлануда.

Бірыңғай сәулет стилі әрқашан болған. Бұл құрылыс нормалары мен белгілі бір стильдің ережелері жазылған құжат. Сонымен қатар, бірыңғай код тек кіреберістер мен фасадтарға  ғана емес, сонымен қатар шатырға, жол желісіне, жарнамаға, жарықтандыруға, төсемге, шағын сәулет нысандарына, тіпті қоқыс жәшіктеріне де қолданылады. Яғни, кәсіпкерлер осы құжатпен танысып шықан соң  одан не талап етілетінін біледі және және оның не үшін қажет екенін түсінеді, - дейді спикер.

Қазақстанның қалалары үшін бірыңғай сәулет стилінің ережесі заңнама деңгейінде бекітілген. Әр көшеге өз коды берілген. Қала аумағы дизайн және пайдаланылу бойынша аймақтарға бөлінген. Жуық арада жаяу жүргіншілер бөлігі және велосипед жолдарының саны артады. Кодтау жүйесінің негізінде қаланы абаттандыруда қолданылатын құрылыс материалдарының каталогтары жасалатын болады. Дизайн-кодты келіскеннен кейін оны Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының сайтынан қарауға болады. http://www.saulet.astana.kz.

Елордаға Алматының тәжірибесі қаншалықты енгізіледі? Жоба жүзеге аспай тұрып қала тұрғындарымен қандай да бір талқылаулар бола ма?  Нұр-Сұлтан қаласына Алматыдан ауысып келгкен Басқарма басшысының айтуынша  бұл процеске кіріспес бұрын алдымен мониторинг жүргізілді.  Көпшіліктың пікірі тыңдалды, тұрғындарды жинау арқылы олардың арасында талқылаулар ұйымдастырылды және нәтижесінде нақты ұсыныстар мен тілектер ескеріледі.

Алматыда бір жылдан артық жұмыс істеген уақытта 15 көше мен 2 жағалауды реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасалды. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Назарбаев, Абай, Абылай хан, Достық даңғылдарында, Желтоқсан және Гоголь көшелерінде реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Жаңа қоғамдық кеңістіктер, демалу үшін шағын саябақтар, көп субұрқақтар, шағын сәулет нысандары, қосымша жарықтандыру пайда болды. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдары  Алматы қаласының 3D бас жоспары бар автоматтандырылған геоақпараттық жүйе әзірленіп, енгізілді. Сейсмикалық тұрақтылығын зерттеу мақсатында Алматы қаласының дизайн-коды әзірленді және 7000-нан астам объектіні паспорттау жүргізілді, - деді басқарма басшысы.

Қаланың келбеті мен көшелердің көрінісі  қалай өзгереді? Жұмыс қалай жүзеге асады? «2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру бағдарламасының» аясында әкімдіктің алдындағы Ескі алаңды жаңарту, демалу және серуендеу үшін оны неғұрлым жайлы ету жоспарлануда. Бетон блоктарының орнында қатты аязға төзімді ағаштар отырғызылып, шағын сәулет нысандары жоспарланатын болады. Жоспарға сай, орталық әмбебап дүкенінің ғимаратын (ЦУМ) бұзу жоспарлануда. Оның орнына жеке инвестордың қаржысына жерасты паркингі бар бизнес-орталығын салу жоспарлап отыр.

- Көпфункционалды кешенге сауда орталығы, тұрғын үйлер, жер асты паркингі (282+489 орын) кіреді. Пайдаланылатын төбеде екі тостағандары субұрқақ және жер асты паркингінен шығатын жабық бағаналар орналасатын болады.  Сауда орталығының ауданы 5 қабаттан тұрады, ауданы - 51157 м2. Әр қабатта түрлі  тамақтану орталықтары орналасады. Мұнда 5 кинозалдан тұратын мультиплекс кинотеатр жұмыс істейтін болады. Боулинг, балалар кешені және сауықтыру орталығы орналасады, - дейді.

Қазір ескі алаңның жобасы  AQ ALAN деген шартты атауға ие, себебі онда ыстық күндері жылу жинамайтын ақ түсті төсеніш пайдалану жоспарлануда.

Бейбітшілік көшесі бойынша артық жолақтарды алып тастап, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер үшін жайлы жағдай және автобустар үшін белгіленген жолақтар жасалады. Көліктердің жаяу жүргіншілер бөлігіне кіруіне жол бермеу үшін онда боллардтар (жол бағаналары)орналастыру жоспарланған. Тротуарларды кеңейту, жаңа дизайн, заманауи art-объектілерді пайдалану, сапалы көгалдандыру өз кезегінде шағын және орта бизнеске жақсы әсер ететін жаяу жүргіншілердің ағынын арттырады. Соымен қатар, бұл ескі ғимараттарды бұзу және жаңарту үшін инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектелу, өз еркімен қозғалуға қауқарсыз   топтар үшін жаяу жүргіншілер бөлігінің биіктіктері өзгеруінсіз, бір деңгейде болатындығын қосып айта кеткен жөн, - дейді.

 Ал «Евразия» сауда орталығының ауданында 15 км жерді реконструкциялау, оның ішінде оларды жаяу жүргіншілер үшін  барынша ыңғайлы ету жоспарлануда. Қосшығұлұлы көшесінің және Сарыбұлақ жағалауының ұзындығы – 1,65 км болады. Қазір бұл ауданда қоғамдық кеңістіктердің жетіспейтіндігін  ескерсек, болашақта оны керісінше тартымды орталықтардың біріне  айналалдыру қарастырылуда.  Әзірбаев, Қошқарбаев және Жүргенов көшелерінің ауданын да, яғни ұзындығы – 4,1 км аумақты 2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру бағдарламасының» бірінші кезеңімен қамту жоспарлануда.

- Бұл ауданда әлеуметтік тұрғын үй көп. Жыл бойына тартымды және жайлы жағдай туғызатын көп қабатты композициялар жасау үшін өсімдіктерді таңдау жоспарланған. Астананың тұрғындары мен қонақтарының жаяу серуендеуі үшін барлық жағдайлар жасалады. Саябақтар үшін екі нұсқа бар. Екеуі де жолдан бөлек орнатылған демалуға арналған орындықты, велосипед және жаяу жүретін негізгі жолды көздейді. Біріншісінде ойын алаңы және ақпараттық белгі болады; екіншісінде – ауыз  суына арналған бұрқақ және маңайында бұталарды отырғызу қарастырылған.

Қала тұрғындарының ұсыныстары мен ескертулерін жинау қазан айының ортасында аяқталды, сондықтан бұл жобаларды жүзеге асыру барысында  жасалған ұсынылған  барынша ескеріледі. Тек содан кейін ғана жобалаушылар іске кіріседі. Бірінші кезең 2020 жылға жоспарланған. Ал бұл жұмыс келесі жылы басталады, - деп түйіндеді Ұранхаев.

Сонымен қатар, келешекте Қабанбай батыр, Қорғалжын, Тұран көшелерінде көптеген өзгерістер болмақ.  Басқарма басшысының айтуынша онда жаңа жол айрықтар пайда болады және қазірде олардың жобасы әзірлену үстінде.  Қала көркі мен келбетін  өзгерту осылайша кезең-кезеңімен іске асады, шаһардың бірыңғай стилі қалыптасады. Қызыл сызық, яғни аудан, көше, шағын аудан және тұрғынжайлар арасын айқындайтын шекара тәртібін қатаң сақтауға, онда жүргізілетін құрылыс қағидаттарын сақтауға баса назар аударылмақ. Ал қаржыландырудың нақты көлемі жобалық-сметалық құжаттама әзір болғанда және мемлекеттік сараптамадан  өткеннен кейін белгілі болады. Бұл жұмыс алдағы жылға жоспарланған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6852 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
11 декабря родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить