Экология мәдениеті және «3R»

Өркенитетті, дамыған елдерде соңғы жылдары экологиялық тәрбие мәселесі күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Алғаш рет бұл тақырып 1992 жылы БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау және даму жөніндегі конференциясында көтеріліп, «тұрақты даму үшін арнайы білім қажет» деген тұжырым жасалды

ФОТО: pixabay.com

Жаһандық жылыну салдарында бүгінде бүкіл әлем бойынша экологиялық апаттар жиілей түсті. Ендеше қоршаған ортаның табиғи қалпын келер ұрпаққа сол күйінде жеткізе аламыз ба? Сол себепті де ХХІ ғасырды басқаратын бүгінгі балаларға экологиялық білім беру өте маңызды. Ал экологиялық тәрбие жолдары ЮНЕСКО-ның ESD құжатында толық көрсетілген. Сондағы төрт мәселеге тоқтала кетсек. 

1. Білім беру мен тұрақты дамудың жаһандық, аймақтық және ұлттық саясатына ESD ұсыныстарын интеграциялау

Қазақстанда мемлекет басшысы тарапынан экологиялық тәрбиеге мән беріп, мектептерде экология пәнін оқыту жайында айтылды. Олай болса, бізде де алғашқы қадам жасалды деген сөз.

2. Маман даярлау

Қазірде әлемнің көптеген елдерінде эколог-педагог мамандарына сұраныс өсуде. Ал олар оқушылардың бойында осы тақырыпқа деген қызығушылықты оятып, экология мәдениетін сіңдіре білуі тиіс. Бұл арада оқытушының жұмыс сапасын арттыру маңызды: әртүрлі семинар, тренинг, біліктілік деңгейін арттыру курстары негізінде. Бүгінде мұндай онлайн курстар өте көп, бірақ дені ағылшын тілінде. 

3. Оқыту әдістері

Балалардың бойында табиғатқа деген жанашырлық сезімін қалыптастыру үшін сабақты табиғат аясында не интерактивті форматта өткізуге болады. Мысалы, Жапониядағы бірқатар мектептердің жанында биоорталықтар бар. Оқушылар сондағы флора, фаунамен танысады, табиғатты тамашалап, «экологиялық тазалық» шараларын ұйымдастырады. Әрине, бүгінгідей қашықтан оқыту талабы аясында табиғат баурайында сабақ өткізу мүмкін емес. Дегенмен, экология мәдениетін күн тәртібіне шығаруға түпкілікті ден қойсақ, бұл мәселені алдағы уақыттарда шындап ескеруге болады. Экология жайлы оқулықтар, кітаптар әзірлеп (онлайн форматта да, қағаз түрінде де), мультфильмдер, бейнесюжеттер, деректі фильмдер түсіруге мән берген жөн.

4. ЖОО мен мектеп арасындағы байланыс

Эколог мамандығын игеруші студенттер экология тақырыбындағы жобасын, зерттеуін мектеп оқушыларына таныстырып, түйінді мәселе бойынша пікірталас, дебат ұйымдастырса болады. Мысалы, Жапонияның Токай университетінде студенттерден, «өз білгеніңді кіммен бөліскің келеді?» деп сұрайды. Мен жоғары сынып оқушыларын таңдадым. Оларға баламалы энергия көздері, сутегі энергиясы жайлы әңгімелеп, сутегіні қолдану тақырыбында қарапайым тәжірибе жасадық. Бұл студентке де, мектеп оқушысына да пайдасы зор серіктестік. 

Әрине, экологиялық мәдениет, ең алдымен, әр адамның бойындағы жалпы мәдениетіне, отбасындағы тәрбиесіне орай қалыптасады. Мысалы, жапондардың табиғатқа деген көзқарасы, қарым-қатынасы «үйлесіп, үндесу» философиясынан бастау алады. Табиғатпен үйлесіп өмір сүру, жыл мезгілдеріне тән ерекше құбылыстарды қалт жібермеу – Жапонияда ежелден қалыптасқан дәстүр. Жапон халқының табиғатқа зиян келтірмеу ұстанымы «моттайнай» деген өмір стилінен байқалады. Бұл сөз қазақтың «ысырап» немесе «обал болады» дегеніне келеді. Табиғи ресурстарды шектен тыс қолданбаймыз, қажеттен артығын алмаймыз деген қағида. Кейін бұл ұстаным дүние жүзіне кең таралып, Батыс елдерінде қоқысты барынша азайту мақсатында «Zero waste» атты ағымның пайда болуына түрткі болды.

Қоқысты сұрыптау жапондар үшін баршаға бірдей, күнделікті әрекет. Қоқыс шығаруда оның сұрыпталған түріне орай, өз күні, өз тәртібі бар. Табиғи ресурстары шектеулі Жапония қоқысты энергия көзіне айналдыруға мән беруде. «Қоқысты сол күйінде тастай салсаң, қоқыс болып қала береді, ал сұрыптасаң, ресурсқа айналады» деген үндеу бар. Бұл мәселеде – «3R: Reduce. Reuse. Recycle» жүйесі қолданылады. Оны қазақша «3Қ: Қысқарту. Қайта қолдану. Қайта өңдеу» деп аударуға болады, яғни: қажетіңді ғана қолдан, алғаныңды қайта қолдан, шегіне жеткенде, қайта өңде деген тұрғыда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7045 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
20 октября родились
Ахметжан Шардинов
председатель совета директоров ТОО «Алматинский завод мостовых конструкций»
Виктор Тейфель
астрофизик, доктор физико-математических наук
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить