Елена Рыбакина Штугарттағы WTA-500 турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Штутгарттағы WTA-500 турнирінде сынға түседі. Әлемнің 4-ракеткасы алғашқы матчты бүгін өткізеді, деп жазады Olympic.kz.

Рыбакина алғашқы айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 19-ракеткасы Вероника Кудерметоваға қарсы ойнайды.

Екі ойыншы арасындағы матч 15:30-ға жоспарланған.

Айта кетелік, Рыбакина мен Кудерметова бұған дейін үш рет кездесіп, үшеуінде де қазақстандық спортшы басым болды.

Штутгарттағы турнирдің жүлде қоры 800 мың долларды құрайды.