Қазақстан жаңалықтар
23 марта 2024, 20:07
Мемлекет басшысы бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты
Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты.
«Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады. Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты», — делінген хабарламада.
Вам может быть интересно: «Оползень сошёл в горном коттеджном городке близ Алматы»
Больше на Forbes