ҚР СІМ-де қазақ-словак ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Словак Республикасының Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнаг ағымдағы жылға арналған өзекті мәселелер мен жоспарлар бойынша «сағаттарын теңестірді».
Дипломаттар өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды жаңғыртуға ерекше басымдық бере отырып, Қазақстан мен Словакия арасындағы әріптестіктің дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Р. Василенко Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясы аясындағы бірлескен күш-жігерге жаңа серпін берудің маңыздылығын атап өтті. Комиссияның 10-шы отырысы биыл Астанада өтеді деп күтілуде (ҮАК тең төрағалары: қазақ тарапынан – Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев, словак тарапынан – Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Владимир Шимоняк).
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастардың әлеуетін толық іске асыру мақсатында жұмыс байланыстарын одан әрі қолдау туралы келісті.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»