Қазақстан жаңалықтар
2024-02-18 12:37:00
Қарағандыда үйдің неден жарылғаны белгілі болды
Қарағандылық төтенше жағдай мамандары жер үйде болған жарылыстың алдын ала себебін айтты.
Облыстық ТЖД құтқарушылары оқиға орнында үйіндіні бөлшектеп жатыр.
«Жарылған үйдің үйіндісінің арасынан 5 литрлік екі газ баллоны табылды. Оның біреуі жарылған. Бұл газ жарылғаны туралы болжамды шамамен дәлелдейді. Жұмыс жалғасып жатыр» деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»
Больше на Forbes