Теміртауда дүкенде жарылыс болды

 Бүгін таңғы 08:06 кезінде Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Дүкен қирап, өртенген.

Тексеру және барлау барысында үйінді астында қалғандардың орналасқан жері анықталды.

Үйіндіні бөлшектеп жатыр.

Бұл жұмысқа ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды.

23 адам, 5 техника оқиға орнына бара жатыр.

Сағат 08:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды. Жағдайы нақтыланып жатыр.

Оның сөзінен үйінді астында ер адам бар екені белгілі болды.

Жұмыс жалғасып жатыр.