Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы - Дмитрий Малахов

Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Айта кетейік, Дмитрий Михайлович 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991-1995 жж. — ҚР ІІМ-нің Алматы жоғары мектебін, 2003-2005 жж. Т.Рыскұлов атындағы экономика және қаржы университетін бітірген.