Қытайда ҚазҰУ ғалымдарының инновациялық көрмесі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайдың Үрімжі қаласында тұңғыш рет ғылыми-инновациялық көрме өткізді.

Қытай Халық Республикасы Білім министрлігінің шақыртуымен ұйымдастырылған шараға жергілікті 196 университеттің ректоры мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, 600-ден астам Қытай университеттерінің өкілдері, 40 ірі өндіріс корпорациясының басшылары мен екі елдің дипломатиялық корпусы, ғалымдар мен кәсіпкерлер жиналды.

Қытай Халық Республикасының білім вице-министрі Сунь Яо, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы комитетінің вице-төрағасы, Шыңжаң университеті парткомының хатшысы Сюй Сяньи бастаған Қытай делегациясы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жобаларына айрықша қызығушылық танытты.