Қазақстан жаңалықтар
29 октября 2023, 10:27
Костенко атындағы шахтада ТЖ кезінде қаза тапқан 36 кеншінің денесі табылды
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтасында қаза тапқан 36 кеншінің денесі табылды. Олардың жиырма тоғызы жер бетіне көтерілді. 10 кеншіні іздеу жалғасуда.
Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының 10 тау-кен құтқару бөлімшесі жұмылдырылды.
Газ жағдайын бақылау жалғасуда.
Больше на Forbes