Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегері

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Ираннан басым түсіп, қола жүлдегер атанды.

Ойында Ұлттық құрама В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген. Сосын, ширек финалда Оңтүстік Кореяны 15-8 есебімен жеңген. Алайда жартылай финалда биылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Қытай құрамасынан пенальти сериясында жол берді.