ҚР президенті Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін «Қасри Миллат» сарайына келді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасында жұмыс сапарымен жүр.