Президент Тоқаев Марокко короліне құттықтау жеделхатын жолдады

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Мұхаммедті Марокко корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі.