Саясат Нұрбек ШЫҰ өкілдерімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) орталығының өкілдерімен кездесіп, ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және жоғары білім салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қаралды. Атап айтқанда, көлік, логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, медицина және жасанды интеллект сияқты алты негізгі бағытта бірлескен зертханалар, ғылыми-технологиялық жобалар мен білім беру бағдарламаларын құру мәселелері қарастырылды.

ШЫҰ орталығы төрағасының орынбасары Liu Hongzhi және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директор Hu Lili Қытайдың жетекші жоғары оқу орындары мен қазақстандық оқу орындары арасында әріптестік қатынастар орнатуға қызығушылық білдірді.