Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Оқиға 6 шілде Шалқар ауданының аумағында Самара-Шымкент тасжолының 1235 шақырымында болды.

Hyundai Sonata автокөліктің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.