Бүгін елордада қандай шаралар ұйымдастырылады
Бакуде 16 елдің өкілдері құқық үстемдігін және конституциялық бақылауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
Астана күні мерекесіне байланысты елордада бірқатар шара өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, сағат 11:00-де Астана қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Астана-мәдениет керуені» әскери оркестрлердің І Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі туралы» баспасөз конференциясы басталады.
Ал, 16:00-де Орталық саябақтың автотұрағында қалалық «Толағай» алыптар сайысы өтеді.
Сондай-ақ, 18:00-де ЭКСПО аумағында Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Open Air» мерекелік концерті болады.
Ал, сағат 18:00-де «Астана опера» театрында Дж. Вердидің «Аида» операсы қойылса, 19:00-де «Номад сити холл» театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы көрсетіледі және дәл осы уақытта, яғни 19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық драмасы сахналанады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елорда күніне орай 100-ден астам мәдени, спорттық және танымдық іс-шара өткізу жоспарланған.
Вам может быть интересно: «Услуги авиаперевозок взлетели в цене на 29% за год в Казахстане»