Қазақстан жаңалықтар
5 июля 2023, 18:10
Қостанайда құбыр ауыстыру кезінде адам сүйектері табылды
Қостанай қаласында коммуналдық желілерді жөндеп жатқан қызметкерлер адам сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды «Қостанай жаңалықтары» басылымы.
Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліментінше, 4 шілде күні, сағат 14:30-да полицияға Қостанай жылуэнергетика компаниясының жұмысшыларынан ақпарат түскен. Олар Мәуленов - Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру кезінде адам қаңқаларын тапқан.
Осы факті бойынша қажет тергеу амалдары басталды. Талдау жасалып, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Вам может быть интересно: «Китай отменил запланированный визит Жозепа Борреля в Пекин»
Больше на Forbes