Өскеменде дәмханадағы өрттің салдарынан 45 ересек және 10 бала эвакуацияланды

2023 жылғы 2 шілдеде 5.23-те Өскемен қаласында Қазақстан көшесінде 5 қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада өрт болды, деп хабарлайды ШҚО баспасөз қызметі.  Қою қара түтін бүкіл ауданды басып калды.

Келген өрт сөндірушілер дереу тұрғындарды эвакуациялауға кірісті, адамдарды баспалдақпен шығарды. Барлығы 55 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала.

Эвакуациямен бір мезгілде өрт сөндірушілер өртке оранған дәмхананы сөндіріп, 6.19-да 120 ш. м. алаңда өртті сөндірді.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды.
Өрт себебі бойынша -өртті абайсыз пайдалану және қасақана өртеу болжамдары пысықталуда.

ШҚО ТЖД барлық дәмхана үй-жайлары Автоматты хабарлау және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталуы тиіс екенін еске салады.

Электр тораптары, электр қалқаны, розеткалар, ажыратқыштар және т.б. жарамды күйде болуы тиіс.
Мұржалар мен хосперлерді/мангалдарды тазарту ай сайын жүргізілуі керек, өйткені бұл жабдық өрттің негізгі көзі болып табылады.

Қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуды міндетті түрде жүргізу қажет.
Өрт кезінде дереу "101" нөміріне қоңырау шалыңыз.