Қазақстанда жаңа мейрам пайда болуы мүмкін
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды.
Ашық үкімет порталында «ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы жария талқыға шығарылды.
«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан», - деп жазылған қаулы жобасында.
Индустрия министрлігінің мәліметінше, аталған бастаманы Қазақстан азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.
Вам может быть интересно: «Всемирная продовольственная программа ООН заявила о нехватке средств для помощи сирийцам»