Қазақстан жаңалықтар
26 мая 2023, 21:01
Боксшыларға үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік
Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Инстаграмда жазды.
«Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық.
Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!» - әкім қосты.
Вам может быть интересно: «В Европе зафиксировали самый длительный период снижения цен на газ с 2007 года»
Больше на Forbes