Президентке Қазақстанда мыс балқыту зауытын салу жобасы туралы мәлімет берілді

Мемлекет басшысы China Nonferrous Metal Mining компаниясының бас директоры Чжан Цзиньцзюньді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында тау-кен металлургиясы және шикізатты терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қытайлық компанияның KAZ Minerals кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстанда мыс балқыту зауытын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы осындай ірі жобаларды іске асыру – елдеріміз арасындағы табысты серіктестіктің нәтижесі екенін атап өтті.