Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барады

 21 сәуір, жұма күні, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Үкіметтің Telegram каналы.

Үкімет басшысы онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысады.

«Үкімет басшысы өңірге сапары аясында Шүлбі ГЭС-і және «Ғаббасов» қазандығының жұмысын тексереді және Ядролық медицина және онкология орталығына, сондай-ақ басқа да бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанға барады»,-делінген хабарламада.