Қазақстан жаңалықтар
2023-03-21 14:39:00
Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты
Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау, деп хабарлайды Ақорда.
Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.
Вам может быть интересно: «28 новых автобусов передали сельским школам Костанайской области»
Больше на Forbes