Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы локомотивпен соғылып рельстен шығып кетті
Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ТЖД.
«Бүгін 5 наурыз күні сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір т/ж станциясында алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар пойызы маневрлік локомотивпен соғылған. Салдарынан «Бішкек-Самара» бағытымен жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру пойызы жөнелтілді», - делінген департамент хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша релістен шығып кеткен пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Жолаушылар зардап шекпеген, олар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.
Апатқа қатысты жедел штаб құрылды. Оқиғаның себебі анықталуда.
Вам может быть интересно: «Анна Данилина Астанадағы жарыстың жеңімпазы атанды»