Алматыда су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шаралар пысықталды

Алматыда «Көктем-2023» оқу-жаттығу барысында 54 шақырым өзендер мен арық желілерінен 640 м3-тен астам лай, тастар, жабайы өскіндер мен қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылды, деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі. 

Жаттығуға ҚР ҰҰ «Оңтүстік» аумақтық басқару, ҚР Қарулы күштері әскерінің десанттық – атқыштар жасағы, мердігерлік ұйымдар, қаланың азаматтық қорғау қызметі, волонтерлік ұйымдар және ТЖМ аумақтық бөлімшелерінен барлығы 600-ден астам қызметкер, 309 арнайы және инженерлік техника жұмылдырылды.

Дабыл сигналы бойынша ТЖМ аумақтық бөлімшелері мен қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары тобының Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағына «Есентай» өзенінің арнасына жедел жұмылдыру жүзеге асырылды, онда түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 1 км-ден асатын мұз бен қоқыстан тазартуға 89 самосвал және басқа да инженерлік техника жұмылдырылған ( Есентай өзенінің арнасы бойында).

Сонымен қатар, қалған 7 ауданда өткізілген жаттығуда арық өзендердің бойы бұтақпен жабайы өсімдіктерден, тұрмыстық қатты қалдықтардан және тастардан тазартылды.

«Сайран» өзенінде қаланың азаматтық қорғау қызметі мемлекеттік жүйесінің, ТЖМ бағынысты және аумақтық бөлімшелерінің су сорғыш құралдары тексерілді.

Жүргізілген жұмыстар халық саны 39 мыңнан асатын жеке және көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік ғимараттар орналасқан қаланың төменгі орталық бөлігін су тасқыны қауіпін азайтып, су өткізу қабілетін жақсартатын болады.

Жаттығу барысында Медеу ауданы, №77 жалпы білім беру мектебіне Алматы қаласы азаматтық қорғау қызметтерімен әкімшілік бекеттерін жұмылдыра отырып, «баспаснасыз қалғандарды, зардап шеккен халықты» қабылдау бекетіне орналастырды.

Жалпы, Алматы қаласының ТЖД, азаматтық қорғау қызметтері, аумақтық

және ҚР ҚК ТЖМ, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен ҚР Ұлттық ұланы, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайын.