Александр Бублик Франциядағы Марсель турнирінің финалына өте алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 11-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен кездесті.

Поляк теннисшісі 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.