Елордада Ынтымақ елді мекеніне қатынайтын қосымша автобус бағдары іске қосылды

Астана қаласында Ынтымақ елді мекеніне қатынайтын қосымша автобус бағдары іске қосылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты City Transportation Systems-ке сілтеме жасап хабарлайды.

11 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын жаңа № 328 бағдары іске қосылады. Ол Ынтымақ ауылына да жүретін болады.

Жаңа бағдар Тілендиев даңғылындағы «Шұғыла» аялдамасынан «Ынтымақ» ауылына дейін қатынайды.