Қазақстан демалысқа қолайлы топ-10 елдің қатарына енді: шетелдік рейтинг авторлары туристерге Шарын каньонына баруды ұсынды

Қазақстан танымал Curly Tales сайтының нұсқасы бойынша демалысқа қолайлы ТОП-10 елдің қатарына енді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Curly Tales – food, travel, experiences & lifestyle сайты қазіргі заманғы көшпенділер тақырыбына арналған платформа.

Сайтта туристерге осы айда баруға кеңес беретін елдер бар.

Қазақстаннан басқа, бюджеттік бағыттардың рейтингіне Түркия, Грузия, Египет, Вьетнам, Лаос, Кения және т. б. елдер де кірген.

Рейтинг авторлары туристерге, мысалы, Шарын каньонына барып, шатқалдың сұлулығына таңдануды ұсынады.