«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Шымкент филиалының басшысы пара алғаны үшін ұсталды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысы пара алғаны үшін әшкереленді.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Олар поездарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және т. б. лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.