Қазақстан жаңалықтар
2022-12-28 10:32:00
Астана мен Алматыда арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуы өтті
ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы генерал-майор С.С. Исабековтің нұсқауы бойынша, ағымдағы жылы 26 желтоқсаннан 27 желтоқсанға қараған түні Астана және Алматы қалаларында ҚР МКҚ арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің тосын жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің күштері мен құралдары жедел-қызметтік әзірліктің жоғарғы дәрежесіне келтірілгеннен кейін оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау үшін шоғырлану аймағына шықты.
Вам может быть интересно: «Оспанов Электрондық еңбек биржасы базасындағы цифрлық экожүйе туралы айтып берді»
Больше на Forbes