Қазақстан жаңалықтар
2022-12-27 11:18:00
«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы лицензиясынан айрылды
Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігі «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының лицензиясын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.
«Лицензия қайтарылғаннан кейін «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Жұмысын тоқтатқан компанияның құқықтары мен міндеттері «Freedom Finance Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ-қа өтті», - делінген хабарламада.
Бұған дейін жоғары пайызбен қарыз берген микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды.
Вам может быть интересно: «Оспанов Электрондық еңбек биржасы базасындағы цифрлық экожүйе туралы айтып берді»
Больше на Forbes