Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді, деп хабарлайды  облыстық ПД баспасөз қызметі.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде, үйінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған Кентау қаласының тұрғынын анықтады. Жедел күдіктінің шаруа қожалығынан 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.