Қостанайда тұмауға байланысты емханалар демалыс пен мерекеде де жұмыс істейді
Қостанай облысында қалалық емханалар 24 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында демалыс күндері және мереке күндері жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаевтың бұйрығына сәйкес 24 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында емханалар демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. Бұны ЖРВИ және ЖРИ кезінде жедел жәрдем мен медициналық мекемелердің қабылдау бөлмесіндегі жүктемені жеңілдету мақсатында жасап отырмыз. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақыты 9-дан 14:00-ге дейін. Емханалардағы жалғыз демалыс күні - 1 қаңтар болады»,-деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Жоғарыда көрсетілген режимде тек Қостанай, Лисаковск, Арқалық, Жітіқара, Рудный, Тобыл қалаларындағы емханалар жұмыс істейді.
Басқарманың әлеуметтік желілерінде байланыс үшін емханалардың байланыс нөмірлері жарияланған.
Вам может быть интересно: «Оспанов Электрондық еңбек биржасы базасындағы цифрлық экожүйе туралы айтып берді»