Қазақалтын: 2022 жылдың басынан бері Бестөбе алтын кенішінде мыңға жуық заңсыз алтын іздеушілер ұсталды

Бестөбе кеніші бір жарым жыл жұмыс істемей тұрғанына қарамастан, мұнда заңсыз кеншілік өрістеп жатыр. Осы жылдың басынан бері мұнда 941 заңсыз алтын іздеуші ұсталып, полицияға тапсырылды, оның 240-ы Бестөбе ауылының тұрғындары.

Сонымен қатар «дудка» деп аталатын жеті заңсыз ін жойылды. Кәсіпорынның қауіпсіздік қызметімен бірлесіп құқық қорғау органдарының қызметкерлері Бестөбе ауылында алтын құрамды кенді қайта өңдейтін екі заңсыз цех және алтыны құрамды зат салынған төрт қапшық тапты. Табылған жабдық шашылып, полиция қызметкерлеріне заттай дәлел ретінде берілді. Бестөбе ауылындағы гараждардың бірінде бейнебақылау камераларын, күзет бекеттері мен көлікті патрулдерді айналып өтіп, шахтаға кедергісіз жеткізетін ін табылды.

Қазан айының соңынан бері шахтада бұрын жабдықтың жұмысын тексеріп келген шахта қызметкерлері жоқ. Электрондық және телефон байланысы ажыратылды, шахталардың оқпандары жабылды, жүріс жерлерінің қақпақтары пісіріп-жабылды, есіктер мөрленіп, күзетке тапсырылды, желдету жұмыс істемейді, көтергіш қондырғылар ажыратылды. Көтергіш қондырғыларды шұғыл іске қосу мүмкіндігі жоқ.

Кәсіпорын жұмысын тоқтатқанына қарамастан, заңсыз алтын іздеушілер күнара шахта қақпаларынан шығуға талпынып, жер бетіне өткізуді талап етіп жүр. Олар алқаларды қиратып, пісірілген қақпаларды ашып, есіктерін майыстырып, техникалық тіректерді әлсіретіп, шахта жабдығына зиян келтіруде.

Оқпандар жылытылмайды, аяздың күшімен оқпандар мен жүру жерлеріне мұз қатуы мүмкін. Казіргі кезде шахтада көп заңсыз алтын іздеушілер болуы мүмкін. Оларды шұғыл шығару қажет болғанда, ондай көмек көрсету мүмкін еместің қасы.
Компания шахтада заңсыз алтын іздеумен айналысатын адамдардың денсаулығы мен өміріне жауап бермейді.

Қайталап өтейік – шахтаны әлі жерасты сулары басып жатыр, судың деңгейі 640 метрге жетті. 2022 жылдың жазында шахтада 3 заңсыз алтын іздеуші қайтыс болды. 1 адам заңсыз жарылыс жұмыстары салдарынан зардап шекті.
Компания заң қорғаушы органдарға жүгініп, заңсыз алтын өндірушілердің шахтаға заңсыз түсуімен тиімді күресуі шараларын қолдануды сұрады.