Қазақстан жаңалықтар
14 ноября 2022, 19:41
Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниэл Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.
Вам может быть интересно: «Қазақстандық авиадиспетчерлер футболдан әлем чемпионы атанды»
Больше на Forbes