Маңғыстауда түйені қаққан көліктегі екі адам көз жұмды

 Маңғыстауда «Lada Xray» автокөлігі түйені қағып, оқиға орнында екі адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті.

Оқиға Бейнеу - Шетпе республикалық маңызы бар тасжолдың 93-шақырымында болған.

«Lada Xray» автокөлігі жол бойында екі түйені қаққан. Жол-көлік апатынан екі адам оқиға орнында қайтыс болды», - делінген мәліметте.

Аталған дерек Бейнеу ауданы ПБ СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.