Коронавирустан емделіп жатқан 4 науқастың жағдайы өте ауыр

11 қазандағы мәлімет бойынша, 1 029 адам коронавирус инфекциясынан (–894 + және 135 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Емделіп жатқандардың ішінде 111 пациент стационарда, 918 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10,837,967 адам, II компонентін 10,597,464 адам салдырды. 5,563,937 адам р евакцинацияланды.