Қазақстан жаңалықтар
6 октября 2022, 21:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаушылар форумына қатысты
Мемлекет басшысының қатысуымен қолдаушылар форумы өтті. Жиында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды, деп хабарлайды Ақорда.
Форумда еліміздегі түрлі саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.
Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлеп, өзіне сенім артқаны үшін шараға қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның атынан екі мыңнан астам өкіл қатысты.
Вам может быть интересно: «Число жертв урагана «Иэн» в США возросло до 110 человек»
Больше на Forbes