Антикор қызметкерін қорқытқан полиция майоры қамауға алынды
Ежегодно в РК добывается в среднем около 500 тыс. голов копытных животных, пушных зверей и пернатой дичи
Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне қатысты атыс қаруын қолданумен қорқытатын бейне тараған. Осы факт бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі түсініктеме берді.
«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан», - делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді. 29 қыркүйегінде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Вам может быть интересно: «Партия премьер-министра Латвии побеждает на парламентских выборах -- предварительные результаты»